2011 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5 пайызға өседі деген болжам бар

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2011 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5 пайызға өседі.

2011 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5 пайызға өседі деген болжам бар

Бұл туралы бүгін биылғы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын нақтылау туралы Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

«Министрліктің бағалауы бойынша, ауыл шаруашылығы министрлігі болжап отырған астық пен мал шаруашылығы өнімінің өсуін ескерсек, 2011 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5 пайызға өседі деген болжам бар»,-деп атап өтті министр.

Осы орайда ол бұл көрсеткіш бұдан бұрынғы мақұлданған көрсеткіштен 1,3 пайыздық тармаққа жоғары болып отырғандығын жеткізді. Мұнымен қоса Ж. Айтжанованың айтуынша, нақтыланған бағалау бойынша 2011 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,8 пайызға өседі. Бұл алдында болжанған көрсеткіш мәнінің 1,2 пайыз тармаққа артық.