2011 жылы «Дакар» жарысы Қазақстанның аумағы арқылы өтуі мүмкін
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейде «Жібек жолы» халықаралық жарысы басталады.
Қатысушылар 9 күннің ішінде 4 500 шақырым жолды жүріп өтеді. Ралли қыркүйектің 5-інде Қазанда басталады, одан кейін Қазақстан, Түрікменстан аумақтары арқылы жүріп өтетін жарысушылар жорықтарын қыркүйектің 13-інде Ашғабадта аяқтайды. Петерборлық «Нарт Тайм» ралли-рейд-командасының директоры Сергей Таланцев баспасөз мәслихатында мәлім еткендей, жарысқа әртүрлі елдің жеңімпаздары, оның ішінде Mitsubishi және Volkswagen зауыттарының командалары - барлығы 65 жеңіл көлік пен 30 жүк көлігі қатысады.
С.Таланцев сондай-ақ, танымал «Дакар» ралли-марафонының 2001 жылы Ресей мен ТМД елдерінің аумақтары арқылы өтуі мүмкін екенін айтты. «Халық тым тығыз орналасқан Еуропа аумағы мұндай жарысқа жарамайды. Африкада саяси проблемалардың салдарынан жарыс ұйымдастыру қиындау. Келесі марафон Аргентина мен Чилиде өтетін болады. Бірақ одан кейін ұйымдастырушылар жарысты басқа аумаққа ауыстырмақ. Ол мақсатта Ресей, Қазақстан және Түрікменстан елдері таңдалуы мүмкін», дейді С.Таланцев.