2011 жылы ел кәсіпорындарына 54,5 мың адам қабылданып, 70,2 мыңы жұмыстан кетті - Статистика агенттігі
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2011 жылғы желтоқсанда 54,5 мың адам қабылданды,
түрлі себептермен 70,2 мың адам жұмыстан кетті. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 73,5 пайыз, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты -2,7 пайыз, басқа себептер бойынша - 23,8 пайызды құрайды.
2011 жылғы желтоқсан айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 1,8 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,3 пайызды, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,7 пайызды құрады. Сонымен қатар, осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 77,7 пайызды құрады.