2011 жылы еуропалық бағытқа тасымалданатын қазақстандық мұнайдың көлемі 52,5 млн. тоннаға жетеді - С. Мыңбаев

/strong>Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2011 жылы еуропалық бағытқа тасымалданатын қазақстандық мұнайдың көлемі 52,5 млн. тоннаға жететін болады. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «KAZENERGY» бесінші еуразиялық форумында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) құбырын кеңейту бойынша акционерлердің принципті шешімі бар. Ағымдағы жылдың соңына дейін соңғы инвестициялық шешім қабылданатын болады. Бұл жерде әңгіме өзегі қаржыландыруды жоспарлау, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу, яғни техникалық мәселелер болып отыр. «Мұнай- газ тасымалдау құбырларын кеңейту арқылы келесі жылы тасымалдау көлемін 27 миллионнан 52,5 миллионға дейін жеткізіледі. Бұл еуропалық бағыт», деді министр өз сөзінде.

С. Мыңбаевтың айтуына қарағанда, Қытай бағытында қазірдің өзінде мұнай тасымалдау қуаты 10 млн. тоннаны құрайды. Оны 20 млн. тоннаға жеткізу мақсатында екі ел арасындағы арнайы келісімге де қол қойылған. Министрдің пайымынша, 2011 жылы бұл бағытта мұнай өткізу мүмкіндігі 12 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде. «Қолданыстағы басқа да барлық экспорттық маршруттар бойынша қуаттылығын арттыруға белгілі бір мүмкіндіктер бар», деп түйіндеді министр.

Соңғы жаңалықтар