2011 жылы Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар 510 млрд. теңгенің өнімін өндірді

АҚТӨБЕ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылы ҚР Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар 510 млрд. теңгегің өнімін өндірді.

2011 жылы Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар 510 млрд. теңгенің өнімін өндірді

Бұл Ақмола облысының өндірістік өнімін екі еселегендегі немесе Ақтөбе облысының барлық өндірісі көлемінің 40 пайызына татитын көрсеткіш.

Индустриялды-инновациялық мемлекеттік қолдаудың қызметі жөніндегі Заңның іске асырылу барысын бүгін өткізілген Сенаттың экономикалық дамуы бойынша кеңесте Индустрия және жаңа технроргиялар вице-министрі Альберт Рау айтты.

А. Раудың айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Индустрияландыру картасы жобасымен 170 млрд. теңгеге өнім өндірілді, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 700 млрд. теңге деңгейіне дейін жетуі мүмкін.

Соңғы актуальдандырудан кейін еліміздің Индустрияландыру картасында іске асырылуы тиіс 11 трлн. теңгелік 705 жоба бар. 2010-2011 жылдары Қазақстанда 1,8 трлн. теңгеге 389 жоба іске қосылды. Жобалардың шамамен 40 пайызы 70 пайыздан астам жобалық қуаттылыққа шықты.

Қазақстанда бұрын шығарылмаған 106 өнім өндірілді, оның ішінде металл құрылғылар, турбиндік эстакадалар, композициялық металпластикалық құбырлар, энергия көзін үнемдейтін жарық шамшырақтар және т. б. өнімдер бар.