2011 жылы Қазақстанда 148 мың жұп некелерін заңдастырды
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ -2011 жылы Қазақстанда 148 мың жұп некелерін заңдастырды.
Бүгін өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов атап көрсеткендей, 2010 жылмен салыстырғанда өткен жылдың қаңтар-қарашасында АХАЖ органдарында тіркелген некелердің саны 9 пайызға өсіп, 148 мыңды құрады. 2010 жылдың сәйкес кезеңінде 135,8 мың неке тіркелген болатын.
Ведомство мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылы ажырасқандардың саны оның алдыңғы жылмен (38,5 мың) салыстырғанда 7,1 пайызға артып, 41,2 мыңды құрады.