2011 жылы Қазақстанда қылмыстық ортаның 60 «серкесі» қылмыстық жауапкершілікке тартылды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - 2011 жылы Қазақстанда қылмыстық ортаның 60 «серкесі» қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  
None
None

Бұл туралы бүгін елордада ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Мәлім етті.

«2011 жылы ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері мен қатысушыларына қатысты 657 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде   31-і ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басшылық жасағаны үшін,     6-ы - бандитизмге қатысты», - деп атап өтті Н. Ораз.

Оның хабарлауынша, биыл қылмыстық жауапкершілікке ұйымдасқан қылмыстық топтың 55 жетекшісі, 260 қатысушысы, сондай-ақ, қылмыстық ортаның 60 «серкесі» тартылды. Сондай-ақ 29 гранат, 179 ойық және тегіс ұңғылы қару, 2200-ден аса оқ-дәрі, бір тоннадан аса есірткі, қолдан жасалған жалған 210 мың теңге және 700 АҚШ доллары алынған.

Соңғы жаңалықтар