10:47, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
2011 жылы Қазақстанда ЖІӨ өсімі 7,5 пайызды құрады
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 7,5 пайызды құрады, деп хабарлады ел Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов.
«2011 жылы Қазақстандағы ЖІӨ өсімі 7,5 пайызды құрады. 2011 жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ 11 300 АҚШ долларын құрады»,- деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-ге.
Үкімет басшысы сондай-ақ «2011 жылы Қазақстандағы инфляция 7,4 пайызды құрағанын» атап көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың 17 сәуірінде өткен кеңейтілген кеңесте Үкіметтің алдына 2011 жылы экономиканың 7 пайыздық өсіміне қол жеткізу туралы міндет қойған болатын. Алдағы бес жылда Қазақстан табысы жоғары деңгейдегі елдердің қатарына кіруі керек. 2016 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ 15 мың АҚШ долларынан кем болмауы үшін экономика жыл сайын 7 пайыздан кем болмайтын қарқынмен өсуі тиіс.