2011 жылы Қазақстанға көлеңкелі жолмен 3 млрд. доллардың тауары әкелінді

АЛМАТЫ. 31 шілде. ҚазАқпарат - 2011 жылы Қазақстанға көлеңкелі импорттың көлемі 3 млрд. долларды құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Көлеңкелі экономика және көшедегі базар: мүмкіндіктері мен әлеуметтік-саяси және экономикалық тәуекелдері» атты конференцияда айтылды.

«Қазақстан мен Қытайдың кедендік қызметтеріндегі сәйкессіздік 1,2-ден 1,5 млрд. долларды, Қазақстан мен  Түркия арасында 0,4 млрд. долларды құрады.  Қырғызстаннан Қазақстанға еркін тасымалданатын Қытай, Ресей, Түркия тауарлары 0,8 млрд. доллар,  Ресейден тасымалданатын тауарлар 0,8 млрд. доллар, БАӘ-нен әуекөлігі арқылы келетін тауарлар 0,6 млрд. доллар болды. Көлеңкелі импорттың көлемі ағымдағы жылы да өзгеріссіз қалады», - дейді Кедендік брокерлер қауымдастығының президенті Геннадий Шестаков.

Оның айтуынша, Кеден комитетінің мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылдың сәуірінде бюджетке 8 мың, көлеңкелі кассаға 22 мың доллар түскен. Биыл  ақпанда түсімдер бюджетте 15 мың, көлеңкелі кассада 35 мың доллар, ал сәуірде бюджетте  40 мың, көлеңкелі кассада 15 мың долларды құраған. Енді  ағымдағы жылдың соңында бюджетке түсетін түсімді 70 мың долларға дейін ұлғайтып,  көлеңкелі кассаны жою жоспарланып отыр.

Г.Шестаковтың сөзіне қарағанда, «көлеңкелі жүк жыл басында 60 пайыз болса, қазір 40 пайызды құрауда. Қазіргі таңда Қырғызстан арқылы тасымалданатын көлеңкелі жүк азайғанмен, Өзбекстан мен Түрікменстан арқылы жаңа бағыттар ашылуда. Бүгінгі таңда әр автомобильдің кедендегі көлеңкелі төлемі 30 мың доллар құрауда».

Соңғы жаңалықтар