2011 жылы ҚР кеденшілері 276 келіден астам есірткіні заңсыз айналымнан шығарды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы есірткі заттарын, елітетін заттарды және прекурсорлардың заңсыз айналымымен және контрабандасымен байланысты қылмыстарды анықтау мен жолын кесуде үлкен жұмыстар атқарды.
None
None

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз баянында хабарланған.

Айталық, 2011 жылдың 12 айында Кедендік бақылау комитетінің контрабандамен күрес бөлімшелері 112 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде ҚР ҚК 250-бабында көзделген қылмыстар белгілерімен (контрабанда) - 71, ҚР ҚК 259-бабымен (есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу) - 40, ҚР ҚК 262-бабымен (заңсыз есірткі шөптері егісі) - 1 іс қозғалды.

Заңсыз айналымнан барлығы 276 келі 68 грамм әртүрлі есірткі заттары, соның ішінде 48 келі 930 грамм - героин, 8 келі 164 грамм - гашиш, 2 келі 242 грамм - апиын және 213 келі 676 грамм марихуана алынды.

Соңғы жаңалықтар