2011 жылы некеге тұрғандар саны 9,6 пайызға өсті
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылы АХАТ органдарында некеге тұрғандар саны 9,6 пайызға өсіп, 160,5 мыңды құрады.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Тіркелген ажырасулар саны 7,8 пайыз өсіп, 44 мыңға жетті.
«2011 жылы елімізде көші-қонның оң айырымы қалыптасып, 5,4 мың адамды құрады. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы бұрынғыдай ТМД мемлекеттерімен болып отыр. ТМД мемлекеттерінен келгендердің және сол елдерден кеткендердің үлесі сәйкесінше 82 пайызды, сондай-ақ 95 пайызды құрады», - деді агенттік басшысы.