2011 жылы парникті газдарды шығаруға байланысты мемлекеттік реттеу енгізілмек

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан " Төмен көміртекті даму: стратегиялық тәсілдер және нақты шешімдер" деп аталатын ұлттық конференцияда белгілі болды.
"2011 жыл біз парникті газдарды шығаруға мемлекеттік реттеу енгіземіз. Онда кәсіпорындарға енгізетін міндеттемелерден басқа, парникті газдарды қысқартуға ынталандыратын квота саудасы жүйесі факторы қарастырылады", дейді дейді ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Елдана Сәдуақасова. 2009 жылы наурыздың 26-сында Киота хаттамасын бекіткенен кейін Қазақстан климаттың ғаламдық өзгеруінің алдын алу жөніндегі дүниежүзілік қозғалысқа қосылды. Сондай-ақ БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясынның және ұлттық деңгейдегі Киота хаттамасының талаптарын орындау бойынша белсенді қимылдай бастады. Бұл келісімнің басты талабы парникті газдарды шығаруды қысқарту және төмен көміртекті экономикаға көшу. Ол әлемдік қауымдастықпен ықпалдасу мен тұрақты дамуға қол жеткізуі үшін қажетті қадам болып табылады.