2011 жылы сыртқы саудада өнімдерге бағаның төмендеуі байқалды

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылғы желтоқсанда қарашамен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 3,6 пайызға, импортталатындарға  0,7 пайызға төмендеді.

2011 жылы сыртқы саудада өнімдерге бағаның төмендеуі байқалды

Бұл жайында Статистика агенттігі хабарлап отыр.

Сонымен қатар сыртқы сауда бағасындағы өзгерістерге тоқталсақ, экспорттық жеткізілімдерге бір айда бағаның газ конденсатына - 23,2 пайызға, қара металдар илегіне - 9,7 пайызға, мысқа - 4,3 пайызға, мұнай өнімдеріне - 3,9 пайызға, мұнайға  2,2 пайызға төмендеуі, сондай-ақ бұл жеткізілімдер мырышқа - 0,4 пайызға, табиғи газға  0,2 пайызға жоғарылауы белгіленді. Баға жүнге - 5,8 пайызға, астыққа - 3,3 пайызға, мақтаға - 0,3 пайызға төмен, ал темекіге  0,3 пайызға жоғары болды.

Импорттық түсімдерден қант - 4,3 пайызға, кофе - 3,6 пайызға, аяқкиім - 1,9 пайызға, дәрі-дәрмектер  1,4 пайызға арзандады, маргарин - 10 пайызға, балық - 4,9 пайызға, құс еті - 3 пайызға, күріш - 2,6 пайызға, өсімдік майы - 1,9 пайызға, шай  1,2 пайызға қымбаттады.