2011 жылы тұрғын үй құрылысының жалпы ауқымы айтарлықтай төмендеуі мүмкін - С. Нокин

АСТАНА. Сәуірдің 22-cі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2011 жылы еліміздегі тұрғын үй құрылысының жалпы ауқымы айтарлықтай төмендеп кетуі мүмкін. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел барысында Құрылыс істері және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы агенттігінің төрағасы Серік Нокин осылай мәлім етті,

2011 жылы тұрғын үй құрылысының жалпы ауқымы айтарлықтай төмендеуі мүмкін  - С. Нокин

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік төрағасының айтуынша, үлестік құрылысты қолдаудың есебінен 2009 жылы елімізде жалпы аумағы 6,3 млн. шаршы метрді құрайтын тұрғын үй қолданысқа берілген. Ал ағымдағы жылы пайдалануға берілетін баспаналардың жалпы ауқымы шамамен алғанда 6,2 млн. шаршы метрді құрайды деп жоспарлануда.

«2011 жылы тұрғын үй құрылысының жалпы ауқымы республика бойынша айтарлықтай төмендеп кетуі мүмкін, өйткені қазіргі таңда бұл салада коммерциялық тұрғын үй қарқыны жоқтың қасы. Сондықтан да, тұрғын үй құрылысы қарқынын сақтап қалу үшін Мемлекет басшысы азаматтардың тұрғын үй құрылыстық жинақ қаражаттарының әлеуетін пайдалануды тапсырған болатын. Қазіргі күні Агенттік «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен және әкімдіктермен бірлесе отырып, тұрғын үй құрылысын жүзеге асырудың тетіктерін жүргізіп келеді», деді С. Нокин.