2011 жылы Украина мемлекет қарызы үшін 11,4 млрд. доллар төлейді

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Украина 2011 жылы мемлекет қарызы үшін 11,4 млрд. доллар төлейді, деп мәлімдеді Премьер-министр Николай Азаров баспасөз конференциясында, деп хабарлайды РБК.

2011 жылы Украина мемлекет қарызы үшін 11,4 млрд. доллар төлейді

"Жыл оңайға соқпайын деп тұр. Бізге тек қарызымызды қайтаруға 90 млрд. гривен төлеуге тура келуде. Қомақты сома", - деді ол.

Н.Азаровтың сөзіне қарағанда, 2011 жылы «мемлекет осыншалық қомақты қарызды соңғы рет мойнына алғалы отыр».

"2012 жыл бізге айтарлықтай оңай болады, ең алдымен біз бюджет тапшылығын 5 пайыздан 3 пайызға дейін қысқартамыз", - деп түсіндірді үкімет басшысы.