2011 жылы жаңа теміржол бағытының іске қосылауы Иранға қарай астық экспортын ұлғайта түседі - «ҚазАгро» басшысы

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2011 жылы жаң теміржол бағытының іске қосылуы Иранға қарай Қазақстан астығын экспорттауды ұлғайта түседі. Бүгін Үкімет басшысының қатысуымен өткен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған республикалық кеңесте «ҚазАгро» холдингінің Басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков осылай мәлім етті,

2011 жылы жаңа теміржол бағытының іске қосылауы Иранға қарай астық экспортын ұлғайта түседі - «ҚазАгро» басшысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет астық нарығын дамытуды тұрақтандыру мақсатында ұзақмерзімді жүйелі шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, Ақтау қаласын Иранның Горган стансысымен біріктіретін теміржол құрылысы басталды. Түрікменстан аумағы арқылы өтетін бұл жол осы бағыттағы қазақстандық астық экспортын жылына 3 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, Иран жылына 6-7 млн. тонна астық сатып алады. Ал біз ол елге тек 1 млн. тоннаға жуық астық сатып отырмыз және бұған себеп көлік тасымалы мүмкіндіктерінің шектеулілігіне байланысты болып отыр», деді А. Мамытбеков.

 Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан қазіргі күні Иранға қарай астықты Ақтау теңіз порты және Өзбекстан теміржолы арқылы тасымалдайды екен.  «Өңірдегі астық бағасы мен сапасы бойынша біз нағыз бәсекелеспіз. Ал 2011 жылға қарай жаңа теміржол бағыты іске қосылса, проблема толық дерлік шешімін табады», деді холдинг басшысы.