2011 жылы ЖІӨ-нің өсімі бойынша Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстан ТМД елдері арасында алда болды
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында 2011 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі бойынша Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстан көш бастады.
Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.
Мәселен, Түркіменстанда 2011 жылы ЖІӨ көлемі оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 114,7 пайызды, Өзбекстанда 108,3 пайызды және Қазақстанда 107,5 пайызды құрады. ЖІӨ-нің ең аз өсімі Ресейде болды, көрсеткіш 2010 жылға қарағанда 104,3 пайызды құрады.
ТМД бойынша ЖІӨ-нің орташа көрсеткіші 104,7 пайызды құрады.