2012-2013 маркетингтік жылдары Қазақстан экспортқа 4,5 млн. тонна бидай және 1,8 млн. тонна ұн шығарады

АСТАНА.  16 қазан. ҚазАқпарат - 2012-2013 маркетингтік жылдары Қазақстан экспортқа 4,5 млн. тонна бидай және 1,8 млн. тонна ұн шығарады.
None
None

Бұл туралы бүгін секторлық тәртіптегі Үкімет отырысында Қазақстанның Астық одағының президенті Нұрлан Тілеубаев мәлім етті.

«Меніңше, Қазақстанда маусым-шілде-тамызда экспорттың жандануы болады. Бидай күйінде экспортқа 4,5 млн. тонна және 1,8 млн. тонна ұн шығарылады. Яғни, астық эквивалентінде бұл шамамен 2,3 млн. тонна. Барлығын есептегенде 6,5-7 млн. тонна болады»,-деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар