2012-2014 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы ҚР Заңына өзгеріс енгізілді

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Президенті «2012-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды.

2012-2014 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы ҚР Заңына өзгеріс енгізілді

 ***

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

«2012-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

1 бап. «2012-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» 2011 жылдың 15 қарашасындағы Заңға (Қазақстан Республикасы Парламентінің құзырында, 2011 ж., № 19, 146 бап) келесі өзгерісті енгізу:

1 бапты келесі редакцияда баяндау:

1 бап. 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің келесі көлемін бекіту:

2012 жылға - 1 380 000 000 мың теңге;

2013 жылға - 1 380 000 000 мың теңге;

2014 жылға - 1 200 000 000 мың теңге.

2 бап. Осы Заң 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

                                                                              Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 16 наурыз 2012 жыл

№ 5-V ЗРК