2012-2015 жылдарға арналған ҚР Қылмыстық атқару жүйесін дамыту бағдарламасының жобасы мақұлданды - Үкімет отырысы

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Үкімет 2012-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару жүйесін дамыту бағдарламасының жобасын мақұлдады.

2012-2015 жылдарға арналған ҚР Қылмыстық атқару жүйесін дамыту бағдарламасының жобасы мақұлданды - Үкімет отырысы

Аталған құжатты бүгін Министрлер кабинетінің отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов таныстырды.

Министрдің атап өтуінше, бағдарламада бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп шыққан адамдарды қайта әлеуметтендірудің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар қаралған. Мәселен, заңнамаға сәйкес сотталғандарды ұстаудың жеңілдетілген түріне ауыстыруды кеңінен қолдану қарастырылады. Осы мақсатта түзету мекемелері жанында арнайы жатақханалар салу көзделуде. «Бағдарлама сондай-ақ бас бостандығынан айырылған адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және тұрмыстық орналастыруды қажет ететіндерге бағытталған осы мәселені шешуге халықты еңбекпен және әлеуметтік қамту органдарының, жергілікті атқару органдарының мүмкіншіліктері пайдаланылатын болады»,-деді министр.

Қ. Қасымовтың атап өтуінше, бағдарлама аясында сотталғандарға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша шаралар қабылданады. Жалпы 3 жылдық бағдарламаны жүзеге асыруға 21,9 млрд. теңге қажет. Оның 7,5 млрд. теңгесін министрлік ағымдағы жылы игеруді мақсат етіп отыр.