2012 жылда Қазақстанда жұлын майын ауыстыру операцияларының саны 20-ға дейін өсуі мүмкін

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Мемлекеттің бүгінгі мықты қолдауы жалғасатын болса, келесі жылы жұлын майын ауыстыру операцияларының саны 20-ға дейін жетуі әбден мүмкін.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада гематология мәселелеріне арналған конференцияда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас гематологы Ирина Пивоварова мәлім етті.

«Соңғы екі жылда біз арнайы бағдарламаны қабылдап, бір жылдың ішінде жұлын майын ауыстыру бойынша бес операция жасадық. Енді тағы 4 трансплантацияны жасайтын жоспарымыз бар. Ал мемлекеттің бүгінгі мықты қолдауы жалғасатын болса, келесі жылы жұлын майын ауыстыру операцияларының саны 20-ға дейін жетуі әбден мүмкін. Бұл жақсы көрсеткіш», - дейді И.Пивоварова.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда гематология саласындағы адам өлімі 14,2 пайызды құрап отыр. Бұл әлемдік көрсеткіштен бес есе артық.

Соңғы жаңалықтар