2012 жылдан бастап «Балапан» бағдарламасы бойынша 1500 мектепалды ұйымдары іске қосылады

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - 2014 жылы Қазақстанда мектепалды білім берумен 70 пайыз бала қамтылады. Аталған көрсеткіш «Балапан» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан шаралар негізінде жүзеге асырылады.
None
None

2012 жылдан бастап  еліміздің өңірлерінде 1548 бала бақша мен шағын орталықтар іске қосылмақшы, деп хабарлады pm.kz сайты

Балаларды мектепалды тәрбиесімен және оқытумен қамту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан»  бағдарламасын Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет жүзеге асырады. Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі -  балаларды мектепалды ұйымдарын салу, шағын орталықтар ашу және жекеменшік балалар бақшаларын ашуды ынталандыру арқылы қол жеткізілетін   мектепке дейінгі  білім берумен қамту.

Қазақстанда іске қосылатын балалар ұйымдары саны жыл санап артып келеді. Мысалға, үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде 2011 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда еліміздегі мектепалды ұйымдарының саны 1138 бірлікке артты.

Жалпы, өткен 2010-2011 жылдары «Балапан» бағдарламасының арқасында мектепалды ұйымдарының саны 3528 артты. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы балалар бақшалары мен шағын-орталықтарда 219 мыңнан астам орын ашылды.

«2011-2014 жылдарға арналған мектепалды ұйымдарын біртіндеп іске қосу жоспары» бойынша  2012 жылдан бастап 272 балалар бақшасын, 592 шағын-орталықтар, 222 жекеменшік балалар бақшасын және тұрғын үйлердің бірінші қабатында 38 ұйымдар ашу және бұрын жекешеленіп кеткен 424 балалар бақшасын іске қосу  арқылы 1548 мектепалды ұйымдарын іске қосу жоспарланған.

«Балапан» бағдарламасының оң нәтижелерінің бірі - жеке меншік балалар бақшаларының көптеп ашылуы. Меншік түріне қарамастап, жан басын қаржыландыру әдісі бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру - жекеменшік мектепалды ұйымдарының саны артуына себепкер болды. нәтижесінде, «Балапан» бағдарламасы жұмыс істей бастағаннан бері жекеменшік балабақшалар саны 289 артып, жалпы саны 499-ға жетті.

Мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік шеңберінде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында балалар бақшалары салынуда.

Осы және басқа да  шаралар балаларды мектепалды білім берумен қамту 65,4 пайызға, өсім 10,4 пайызға  жетуіне себеп болды. Ең жоғарғы көрсеткіш Қостанай, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген.

Жалпы, республика бойынша 587,8 мың бала қамтылған 8096 (2748 балалар бақшасы және 5348 шағын-орталықтар) мектепалды ұйымдары жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар