2012 жылды «Еңбек адамының жылы» деп жариялауды ұсынамыз - Президент поштасынан

Хат авторлары Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары атынан Президентке еліміздегі ғылым мен білімді дамыту мәселесіне көрсеткен ұдайы қамқорлығы үшін алғыстарын білдіреді.
Хатта елдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі едәуір өзгерістерге түскені атап өтілген. Мемлекет қазақстандық жастардың анағұрлым сапалы техникалық және кәсіби білім алып шығып, еңбек нарығына бейімделуі үшін қажетті жағдайды жасауда. Посткеңестік кеңістікте Қазақстан білім саласында, әлемдік білім беру жүйесіне кірігуде реформаларды тереңдете жүргізуде және қарқынын арттыруда алғашқы орында келеді. Білім беру мекемелерінің саны артуда, кәсіптік лицейлер ашылуда, Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында әлемдік деңгейдегі колледждер құрылысы жоспарлануда.
Хат авторлары Президенттің тапсырмасында мамандарға сұранысты анықтайтын, өндірістік тәжірибені ұйымдастыруға, шеберлер мен оқытушыларды өндірісте тағлымдамадан өткізуге, түлектерді жұмысқа орналастыруға нақты көмектер көрсететін ұлттық, салалық және өңірлік кеңестер, «Кәсіпкер» Холдингі» АҚ құру, білім беру мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері көрініс тапқанын атап өткен. Мемлекет басшысының техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне көрсеткен үнемі қолдауының арқасында, білім беру мекемелерінің инновациялық қызметі жанданып, тек әлеуметтік серіктестік назарын ғана емес, сондай-ақ шетелдік инвесторлар назарын аударуда.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері Сіздің үлкен саяси биіктердегі жетістікке толы еңбек жолыңыз металлург мамандығы бойынша жұмысқа араласудан бастау алды. Сіздің еңбектегі өмірбаяныңыз жастар үшін зор үлгі-өнеге болып табылады. Кез келген елдің экономикасының дамуындағы негізгі нәрсе адам еңбегі болған және болып та қала береді. Еңбектің мәнін, еңбек адамын ұлықтау мақсатында, біз 2012 жылды «Еңбек адамының жылы» деп жариялауды ұсынамыз. Біз Сізді еліміздегі техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің үлкен әлеуеті, мықты шығармашылық бағыты, патриоттық рухы бар деп сендіреміз. Біз Қазақстанды индустрияландыру, инновациялық экономика үшін, болашағы мол кәсби мамандарды даярлау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз және Сіздің сеніміңізді ақтаймыз!», - делінген хатта.
Хат авторлары арасында - Балқия Пшенова, Ысқақ Нұрмұханбетов, Жантілеу Азисханов, Ақнұр Еслямова, Бағдагүл Жармағамбетова, Жақсыбай Қасымбек, Халидолла Тайпанов, Шалқыма Құрманалина, Зекен Рахимов, Серікбол Шатинов, Сатыбалды Байғабылов, Хамитжан Орымбаев, Нұрлан Ақдәулетов, Анна Ушакова, Қабылқақ Қапенов, Жеңіс Әбілмәжин, Жеңіс Бабжанов, Еркін Сәтқанов бар.