2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына 489 үміткер ұсынылды - ОСК

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына 489 үміткер ұсынылды.
None
None

Бұл деректерді бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Ұсынылған азаматтардың 63-і - облыстық мәлихат депутаттығынан, 371-і - аудандық мәслихат депутаттығынан, 55-і қалалық мәслихат депутаттығынан үмітті. «Мәслихаттарға үміткерлерді ұсыну Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында белсенді жүріп жатыр»,-деді ОСК төрағасы.

Оның айтуынша, осы уақытта сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту жөніндегі жұмыстар да жалғасуда. Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін мейлінше толық қамту мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде аудан деңгейінде бірлескен семинарлар жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар