2012 жылдың ең үздік көлігі белгілі болды

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте 2012 жылдың ең үздік көлігі (2012 World Car of the Year) таңдалды.
None
None

Үшінші сериядағы BMW және Porsche 911 маркалы көліктердің шаңын қаптырып озып кеткен, ең үздік көлік атағына қалалық шағын литражды Volkswagen Up! ие болды. Жалпы алғанда бұл атаққа 34 көлік таласты, деп хабарлады Лента. ру.

World Car of the Year сайтында аталып өтілгендей, 2012 жылы ең үздік  темір тұлпардың атағына ие болған Volkswagen үшін бұл жеңіс байқаудың тарихында үшінші қайталанып отыр.

Литрлік қозғалтқышпен жабдықталған Volkswagen Up! көлігінің қуаттылығы 74 аттың күшіне пара-пар. Ол 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Братиславтың  Volkswagen зауытынан шығарыла бастады. Бұл көлік Еуропада жақсы бағаланады, дегенмен ол АҚШ пен Ресейдің нарығына әлі түспеген.

Сыншылар ең үздік көлікті анықтау тұрғысында көліктің басқарылуын, белдіктің сапасын, қозғалтқыштың үнемділігі мен материалдардың сапасын және құрастырылуын бағалады.

Бас жүлдеден кейін тұрған,  Lamborghini Aventador LP 700-4 и McLaren MP4-12C маркалы көліктен озған  Porsche 911 темір тұлпары өз кезегінде жылдың ең үздік спорт көлігі атанды.

Байқаудың қазылар алқасына әлемнің 25 елін таныстыратын жетекші көлік басылымдарының 64 журналисі қатысты.

Соңғы жаңалықтар