2012 жылдың қаңтар айынан бері Интернет бағасы 27 пайызға төмендетілді

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2012 жылдың қаңтар айынан бері Интернет желісіне бастапқы қосылу қызметтерінің бағасы біршама арзандатылды,

2012 жылдың қаңтар айынан бері Интернет бағасы 27 пайызға төмендетілді

деп хабарлады pm.kz сайтына Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен.

« 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Интернет желісіне бастапқы қосылу қызметтерінің максимальдық бағасы байланыс операторлары үшін (трафикті қоспағанда) - 27 пайызға, ал трафикті қоса есептегенде - 35 пайызға төмендетілді», - делінген ведомство хабарламасында.

Оған қоса, облыс әкімдіктері мен байланыс операторлары «Wi-Fi» технологиясы бойынша қоғамдық орындарда Интернет желісіне қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етіп отыр.

Ақпаратқа сүйенсек, 2012 жылдың І тоқсанында 406 қоғамдық орны Wi-Fi жүйесіне қосылды, Интернетке қосылу нүктесі - 1894 нүктені құрады, оның ішінде 1137 - тегін нүкте.

Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2008 - 2011 жылдар аралығында Интернет желісін пайдаланушылардың көрсеткіші әр 100 адамға шаққанда 15,1-ден 50,6-ге дейін өскен.