2012 жылдың қорытындысы: қызметкерлердің кәсіптері мен қызметтері бойынша жалақысы
АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Жұмысшылардың сипаттық кәсіптері және қызметкерлердің лауазымдары бойынша орташа айлық жалақысының көлемі туралы ақпаратты алу мақсатында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі экономикалық қызметтің жекелеген түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға біржолғы зерттеу жүргізеді.
Зерттеу қыркүйек айында толық жұмыс істеген жұмысшыларды қамтиды.
2012 жылдың зерттеу нәтижелері көрсеткендей экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақы төлеуде жұмысшылардың кәсіптері арасында саралау сақталады. Басшылар санатына жататын қызметкерлердің орташа жалақысы біліктілік деңгейі жоғарғы мамандардың жалақысынан 2,0 есе, біліктілік деңгейі орта мамандардың жалақысынан 2,2 есе және біліктілігі жоқ жұмысшылар жалақысынан 4,1 есеге көп.
Негізгі кәсіптер топтары бойынша орташа айлық атаулы жалақы
Ең жоғарғы жалақы көмірсутегі шикізатын өндіру саласында жұмыспен қамтылған ұйымдардың басшыларында - 1 204 мың теңге тіркелді, бұл тұтастай ел бойынша басшылардың орташа алатын жалақысынан 5,2 есе жоғары. Осы салада біліктілігі жоғары және орта мамандар жоғары жалақы - 321 мың тенге және тиісінше 247 мың теңге алатынын атап өткен жөн.
Экономикалық қызмет түрлері және атаулы жалақысының мөлшері бойынша жеке кәсіптерді топтастыруы келесі сипатта көрінеді:
Бір қызметкердің экономикалық қызмет түрлері және атаулы жалақысының мөлшері бойынша жеке кәсіптерді топтастыру
|
Кәсіптер |
Жалақы, теңге |
Экономикалық қызмет түрлері, солдан оңға қарай жалақының өсу көлемі бойынша |
|
экономист |
43 - 277 мың теңге |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Білім беру, Өңдеу өнеркәсібі, Қаржы және сақтандыру қызметі, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Құрылыс, Ақпарат және байланыс, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру. |
|
бухгалтер |
55 - 268 мың теңге |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Білім беру, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Өңдеу өнеркәсібі, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Ақпарат және байланыс, Құрылыс, Қаржы және сақтандыру қызметі, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру. |
|
бағдарламашы (компьютерлік) |
42 - 288 мың теңге |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Білім беру, Өңдеу өнеркәсібі, Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Құрылыс, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Ақпарат және байланыс, Қаржы және сақтандыру қызметі, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру. |
|
еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi жөнінде бойынша инженер |
40 - 336 мың теңге |
Тоқыма өнімдерін өндіру, Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Білім беру, Өңдеу өнеркәсібі, Ақпарат және байланыс, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Құрылыс, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Қаржы және сақтандыру қызметі, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру. |
|
заңгер кеңесші (біліктілігі орта деңгейлі) |
63 - 283 мың теңге |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Өңдеу өнеркәсібі, Білім беру, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Құрылыс, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Қаржы және сақтандыру қызметі, Ақпарат және байланыс, Қаржы және сақтандыру қызметі, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру. |
|
хатшы, офис-менеджер |
33 - 208 мың теңге |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Білім беру, Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Өңдеу өнеркәсібі, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Құрылыс, Қаржы және сақтандыру қызметі, Ақпарат және байланыс, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру. |
|
күзетші |
25 - 79 мың теңге |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Ақпарат және байланыс, Білім беру, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Өңдеу өнеркәсібі, Құрылыс, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Қаржы және сақтандыру қызметі, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру, Әуе көлігі. |
|
жүкші, қосалқы жұмысшы |
30 - 131 мың теңге |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Білім беру, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Өңдеу өнеркәсібі, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Ақпарат және байланыс, Құрылыс, Қаржы және сақтандыру қызметі, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру. |
|
автомобиль жүргiзушiсі |
41 - 301 мың теңге |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Білім беру, Почталық және курьерлік қызмет, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Өңдеу өнеркәсібі, Ақпарат және байланыс, Құрылыс, Қаржы және сақтандыру қызметі, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру. |
Экономикалық қызмет түрлері және қызметкерлердің кәсіптер бөлінісінде еңбекақы төлеуде айтарлықтай айырмашылық сақталуда. Жоғары жалақы әуе көлігі саласындағы ұшу басшысы және шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласындағы техникалық қадағалау және бұрғылау (бұрғылау жұмыстары) жөніндегі инженерлерде белгіленді, айына 403 мың теңгеден 467 мың теңгеге дейін.
Мұнай өндіру өнеркәсіп кәсіпорындарында жоғары ақы төленетін цех шебері, техник-технолог және цех бастығы болды (256 - 343 мың теңге). 211 мың теңге жалақыны әуе көлігі саласындағы қызметкерлер, ал 180 мың теңге жалақыны қаржы және сақтандыру қызметі саласындағы қызметкерлер алды.
Құрылыс саласында жоғары деңгейлі білікті мамандар арасынан ең жоғары жалақыны экономисттер (190 мың теңге), біліктілік деңгейі орта мамандардан - қаптаушы-мраморшылар
(232 мың теңге), ал жұмысшылар арасында - паркетшілер (195 мың теңге) алды.
Ауыл шаруашылығы саласында жоғары жалақыны шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинистері (96 мың теңге), аң өсірушілер (90 мың теңге) және агрономдар (79 мың теңге), ал төменгі жалақыны - қырықтықшылар мен гүл өсірушілер 18 - 26 мың теңге шамасында алды.
Барлық қызметтердің және кәсіптердің негізгі топтары бойынша әйелдердің жалақысы ерлердің жалақысына қарағанда төмен болды. Ұйымның басшысы лауазымында жұмыс істейтін ерлердің жалақысы 286 мың теңге, аудармашынікі - 170 мың теңге, экономистікі - 157 мың теңге, есепшінікі - 113 мың теңге. Бұл әйелдердің орташа жалақысына қарағанда 1,0 - 2,1 есе жоғары.
Кейбір кәсіптер мен қызметтер бойынша ерлердің және әйелдердің орташа айлық атаулы жалақы
Кәсіптер (қызмет) топтамалары және қызметтер бойынша жалақының саралануы өңірлік бөліністе де белгіленеді.
2012 жылғы қыркүйекте Астана, Алматы қ.қ. ұйым басшыларында ең жоғары жалақылар қалыптасып, 484 мың теңге және 542 мың теңгені құрады. Ең аз төленетін қызмет Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында болды, мұнда басшылар 139 мың теңгеден 145 мың теңгеге дейін алды. Республиканың өңірлері бойынша ұйым басшылары жалақысының ең жоғарғысы мен оның ең төменгі мәнінің арасындағы айырмашылық 3,9 есені құрады.
Экономистің жоғары жалақысы Маңғыстау мен Атырау облыстарында байқалды, тиісінше
180 мың теңге және 229 мың. теңге, ал төменгі - Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында
68 -71 мың теңге. Дәрігердің жалақысындағы көлем деңгейі 1,4 есеге айырмашылық болды (Солтүстік Қазақстан облысында - 142 мың теңге, ал Оңтүстік Қазақстан облысында - 105 мың теңге).
Ел бойынша жоғары оқу орнындағы мұғалімнің жалақысы орташа 82 мың теңге болды, ал оның өңірлер арасындағы айырмашылығы 1,8 есені, арнаулы білім беру жүйесінде оқытушыларда тиісінше 74 мың теңге және 1,5 есе, тәрбиелеушіде - 55 мың теңге және 1,5 есені құрады.
Бір қызметкердің Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде жекелеген кәсіптер мен қызметтер бойынша орташа айлық атаулы жалақысы
теңге
|
|
Ұйым басшысы |
Эконо- мист |
Бухгал-тер |
Инженер |
Жоғары оқу орнының оқытушы |
Бала-бақша (бөбек-жай) тәрбие-шісі |
Дәрігер |
Агроном |
Авто-мобиль жүргiзу- шiсі |
|
Қазақстан Республикасы |
230571 |
126392 |
103474 |
168457 |
81619 |
55445 |
113652 |
78748 |
84992 |
|
Ақмола |
178148 |
75493 |
76837 |
104964 |
99108 |
53309 |
118371 |
87861 |
65196 |
|
Ақтөбе |
205927 |
109988 |
91013 |
133716 |
76658 |
52437 |
104716 |
51047 |
78478 |
|
Алматы |
139 605 |
91491 |
68897 |
96070 |
69489 |
53365 |
118967 |
52755 |
65264 |
|
Атырау |
371591 |
229212 |
133034 |
257916 |
77989 |
53910 |
104717 |
39667 |
108486 |
|
Батыс Қазақстан |
212147 |
165158 |
110599 |
273409 |
77417 |
48565 |
123775 |
89000 |
68769 |
|
Жамбыл |
144494 |
70604 |
78798 |
221736 |
64442 |
51284 |
108396 |
39364 |
65978 |
|
Қарағанды |
172601 |
100743 |
90791 |
106548 |
74221 |
54917 |
105892 |
68120 |
86482 |
|
Қостанай |
179373 |
78938 |
72850 |
88727 |
77038 |
54994 |
133043 |
85025 |
73539 |
|
Қызылорда |
190793 |
95624 |
102165 |
135530 |
71928 |
61422 |
111688 |
51548 |
69867 |
|
Маңғыстау |
294384 |
179780 |
136776 |
224573 |
73395 |
57910 |
111419 |
- |
218572 |
|
Оңтүстік Қазақстан |
152750 |
79081 |
78073 |
133062 |
56011 |
54864 |
104629 |
34725 |
65375 |
|
Павлодар |
216453 |
99092 |
79762 |
103793 |
79998 |
54376 |
110883 |
70575 |
74077 |
|
Солтүстік Қазақстан |
144918 |
68163 |
74426 |
89685 |
83385 |
55661 |
141572 |
94926 |
67135 |
|
Шығыс Қазақстан |
139223 |
102376 |
79601 |
109830 |
79709 |
52900 |
122580 |
79610 |
71502 |
|
Астана қ. |
484356 |
145696 |
133158 |
156312 |
94608 |
62698 |
121832 |
130000 |
96573 |
|
Алматы қ. |
541 882 |
176301 |
150997 |
184394 |
97888 |
73496 |
113593 |
100750 |
86030 |
Осы статистикалық байқаудың нәтижелерін тереңірек зерделеу және танысу үшін «Қазақстан Республикасының жекелеген экономикалық қызмет түрлеріндегі кәсіптер (лауазымдар) бойынша қызметкерлердің жалақысы» бюллетенінің электрондық нұсқасы www.stat.gov.kz сайтында 12 сериялық жарияланымының «Халықты жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу» бөлімінде орналастырылған.
Статистикалық байқау кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда барлық кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша жыл сайын жүргізіледі.
Жұмысшыларды кәсіптері және лауазымдары бойынша бөлу Қазақстан Республикасы Мемстандартының 1999 жылғы 16 қазандағы №22 қаулысымен бекітілген қызметтердің Мемлекеттік Жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылады.