2012 жылдың соңына қарай құрылыс компаниялары 3 санатқа жіктеледі

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Еліміздегі барлық құрылыс компаниялары  2012 жылдың соңына қарай санаттар бойынша ресімделетін болады,
None
None

деп хабарлады Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы департаментінің директоры Ғалымжан Әбдіраиымов pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Қазақстанда  құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуші барлық компаниялар 3 санатқа бөлінетін болады. Тұрғын үйлерді бірінші және екінші санаттағы компаниялар салады»,- деді  Ғ.Әбдіраиымов.

Оның  айтуынша, бірінші санат бойынша өз өндірістік базалары бар, құрылыс саласында ең кем дегенде  10 жылдық  жұмыс тәжірибесіне ие және  оң баға алған 10 нысанды іске қосқан компаниялар қайта  рәсімделетін болады.

Ал екінші санатқа жұмыс тәжірибесі  5 жылдан кем емес, оң баға алған 5 нысанды іске қосқан компаниялар жатқызылады.  Ал қалған  компаниялар  үшінші санатпен ресімделеді,  80 пайызын құрайтын ондай компаниялар бірінші және екінші санаттағы  компаниялардың субмердігерлігінде жұмыс істейтін болады.

Департамент директорының айтуынша, ағымдағы жылы құрылыс жүргізушілерге 684 жоспарлы тексеру жүргізіледі. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша, тексерулердің 78 пайызы жүргізілді, шілде айының соңына қарай  барлық өңірлердегі тексерулерді аяқтау жоспарланып отыр. 

Қазіргі таңда республикада 44 мың ұйым  құрылыс-монтаж жұмыстарын  жүргізудің мемлекеттік лицензиясына ие,  санатқа бөлу жүйесі енгізілуіне байланысты 10 мың компания қайта ресімдеуден өтті.

Соңғы жаңалықтар