2012 жылға дейін зейнетақының, шәкіртақының, бюджеттік ұйымдардың жалақысы 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге өседі

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2012 жылға дейін жоспарлағандай зейнетақының, шәкіртақының, бюджеттік ұйымдардың жалақысы 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге өседі.

2012 жылға дейін зейнетақының, шәкіртақының, бюджеттік ұйымдардың жалақысы 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге өседі

Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Барлық елдерде қазір қысқарту жүріп жатыр. «Нұр Отан» ХДП-ның халықтық платформасында 2012 жылға жоспарлағандай зейнетақының, шәкіртақының, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардағы жалақының мөлшері 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге өседі. Біз оған уәде бергенбіз. Және оны орындадық»,-деп атап өтті Президент.

Осы орайда Елбасы басты міндеттердің бірі - халықтың табысын арттыруға негізделгенін айта келе, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан зейнетақы мөлшері артқанын, енді 1 шілдеден бастап шәкіртақы, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсетіндігін еске салып өтті.