2012 жылға сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталар көлемін бөлуге өзгертулер енгізілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға арналған көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға арналған көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 336 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға (1-кезең) арналған көлемін бөлу;
2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға (2-кезең) арналған көлемін бөлу бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға (1-кезең) арналған көлемін бөлу осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулыға қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Құжаттың толық мәтіні БАҚ-тарда жарияланды.