16:41, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
2012 жылғы ақпанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамамен 15 959 теңгені құрады
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең

төменгі деңгейінің шамасы 2012 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 0,9 пайызға, 2011 жылғы ақпанға қарағанда – 4 пайызға өсті. Бұл жайында ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде айтылған.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,5 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа – 16,7 пайызды, жемістер мен көкөністер – 9,6 пайызды, нан және жарма өнімдері – 8 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштер – 2,2 пайызды құрады.