2012 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 13 366,9 млн. АҚШ долларын құрады

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан Республикасының Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 13 366,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2 пайызға төмен болды.

2012 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 13 366,9 млн. АҚШ долларын құрады

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (41,1 пайыз Кеден одағы елдерінің барлық экспорттының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (30,7 пайыз), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,9 пайыз) құрады.

Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан көп көлемде минералды өнімдері (Кеден одағы елдерінің импорттың жалпы көлеміне 26,3 пайыз), машиналар және жабдықтар (24,5 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (15,5 пайыз), химиялық өнеркәсіп өнімдері (11,7 пайыз) әкелінеді.