17:10, 15 Қазан 2012 | GMT +5
2012 жылғы қаңтар-тамызда АХАТ органдарында 105,9 мың неке тіркелді
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-тамызда АХАТ органдарында 105,9 мың неке тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігіндегі брифингте аталған ведомствоның басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Олардың саны былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға өсті. Некенің жалпы коэффиценті 1000 тұрғынға шаққанда 9,5 құрады»,-деді агенттік басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, 32,9 мың ажырасулар тіркеліп, бұл көрсеткіш 8,8 пайызға өсіп отыр.