2012 жылғы қаңтар - тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 109 587 келісімшарт жасалды
АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 15 229-ды құрады және өткен аймен салыстырғанда 7,9 пайызға азайды.
Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«2012 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату келісімшарттарының саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,8 пайызға өсті», - деп атап өтті агенттік басшысы.