2012 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны 490 мың адамды құрады

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат -2012 жылғы қаңтарда  жұмыссыздар саны 490 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада биылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

2012 жылғы қаңтарда  жұмыссыздар саны 490 мың адамды құрады

«Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары 2011 жылғы желтоқсанда 54 мың 260 теңгені құрап, 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 18,2 пайызға өсті»,-деді агенттік басшысы.

Сонымен қатар, өткен жылғы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 119 мың 114 теңге болды.

«2012 жылғы қаңтарда  жұмыссыздар саны 490 мың адамды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санымен салыстырғанда 5,5 пайыз көрсеткішінде»,-деді Ә. Смайылов.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыссыздар ретінде тіркелгендер өткен айдың соңында 47,8 мың адамды құраған екен.