2012 жылғы қарашада экспорттық жеткізілімдерге бағаның жоғарылауы, олардың импорттық түсімдерге төмендеуі белгіленді
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қарашада қазанмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 1,3 пайызға жоғарылады, импортталатындарға 0,6 пайызға төмендеді,
деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Экспорттық жеткізілімдерге бағаның марганец кендеріне - 9,3%, қорғасынға - 7,7%, газ конденсатына - 6,6%, мұнайға - 3,1%, көмірге - 2,8%, мұнай өнімдеріне - 1,1%-ға жоғарылауы, олардың ферроқорытпаларға - 6,7%, қара металдан жасалған бұйымдарға - 1,6%-ға төмендеуі белгіленді. Баға жүнге - 3%, бидайға - 2,8%, темекіге - 1,9%-ға жоғары, мақтаға - 1,7%-ға төмен болды.
Импорттық түсімдерден балық - 3,7%, кофе - 2,1%, макарон өнімдері - 1,4%, дәрі-дәрмектер - 1,1%-ға арзандады. Құс еті - 6,5%, қант - 5,9%, өсімдік майы - 3,7%, маргарин - 3,6%, шай - 0,9%-ға қымбаттады.