2012 жылғы қазанда ең төменгі күнкөрістің деңгейінің көлемі 18 238 теңгені құрады
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2012 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 1,1 пайызға, 2011 жылғы қазанмен - 8,5 пайызға өсті.
Бұл жайында ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланып отыр.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,6 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны алуға 14,5 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 14,8 пайыз деңгейінде, нан және жарма өнімдеріне - 7,1 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерге шығындар - 2 пайызды құрады.