2012 жылғы наурызда сыртқы саудада өнім бағасының төмендеуі белгіленді

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда экспортталатын және импортталатын тауарларға баға 0,2 пайыздан төмендеді.

2012 жылғы наурызда сыртқы саудада өнім бағасының төмендеуі белгіленді

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, экспорттық жеткізілімдерге бағаның газ конденсатына - 21,4 пайызға, ферроқорытпаларға - 1,2 пайызға, мұнай өнімдеріне - 1,1 пайызға төмендеуі, осы жеткізілімдердің бағасы көмірге - 4 пайызға, мырышқа - 3,6 пайызға, алюминийге - 2,8 пайызға, мысқа - 2,7 пайызға, қорғасынға - 2,4 пайызға жоғарылауы белгіленді. Жүн бағасы - 1,2 пайызға төмен, ал темекіге - 8,6 пайызға, мақтаға - 7 пайызға, астыққа - 2 пайызға жоғары болды.

Импорттық түсімдерден өсімдік майы - 6,2 пайызға, шай - 6 пайызға, кофе - 5,1 пайызға, аяқкиім - 3,3 пайызға арзандады, сондай-ақ макарон өнімдері - 5,3 пайызға, маргарин - 3,4 пайызға, дәрі-дәрмектер - 3,3 пайызға, қант - 1,4 пайызға, балық - 1,3 пайызға, құс еті - 0,5 пайызға қымбаттады.