2012 жылғы республикалық бюджет түсімі 5 трлн. 237 млрд. теңге шамасында жоспарланады - Б. Сағынтаев

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат  - 2012 жылғы республикалық бюджет түсімі 5 трлн. 237 млрд. теңге шамасында жоспарланады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2012-2014 жылдарға арналған

2012 жылғы республикалық бюджет түсімі 5 трлн. 237 млрд. теңге шамасында жоспарланады - Б. Сағынтаев

республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.

«Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз параметрлерін қауіпсіз деңгейде сақтау мақсатында қарыз алу есебінен қаржыланатын тапшылықты нақтыланған деңгейде ұстай отырып, арттырмау ұсынылады. Бұл ретте 2011 жылғы бюджет қаражаттарының қалдықтарын пайдалануға байланысты жалпы республикалық бюджет тапшылығы 779,8 млрд. теңгеге артады. Тапшылық мөлшері ЖІӨ көлемінің 2,5 пайызын құрайды», - дейді министр.

Бұдан бөлек, 2012 жылы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асыруды бастау үшін республика бюджетінің шығындары 207 млрд. теңгеден асады. Бұл ретте Қарашығанақ жобасындағы үлесті сатып алу есебінен республикалық бюджет шығыны 6 трлн. 17 млрд. теңгені құрайтын болады. 

Министрдің айтуынша, 2012 жылы инфляция деңгейі 6-8 пайыз дәлізінде сақталады.