2012 жылғы тамызда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3 пайызды құрады

АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚаАзқапарт - Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,2 пайызға, азық-түлік емес тауарларға - 0,3 пайызға, ақылы қызметтерге - 0,4 пайызғаға өсті. Бұл жайында ҚР Статистика агенттігі хабарлап отыр.

2012 жылғы тамызда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3 пайызды құрады

Өткен айда бағаның төмендеуі жармаларға 3%, картопқа - 1,9%, жұмыртқаға - 1,5%-ға, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге, қантқа - 0,2%-дан тіркелді. Бағаның жоғарылауы ұнға 5,6%, макарон өнімдеріне - 1,8%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдерге - 1,1%-ға, күнбағыс майына, алкогольсіз сусындарға - 0,4%, нанға, күрішке, балық және теңіз өнімдеріне - 0,3%-дан, етке және құс етіне - 0,2%-ға белгіленді. 

Баға кеңсе тауарлары және сызба құралдарына 3,3%, оқушылардың сөмкесіне - 3%, балалар киіміне - 0,9%, кітаптарға - 0,6%-ға, фармацевтикалық өнімдерге, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,2%-дан өсті. Дизель отыны 0,3%-ға арзандады.

Баға деңгейі көлік, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне 0,3%-дан, демалыс, ойын-сауық және мәдениет - 0,4%, денсаулық сақтау - 0,6%,  қонақ үйлер - 0,8%, бала-бақша - 1%-ға өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 1,6%, орталықтан жылытуға - 1%, сумен жабдықтауға -  0,7%-ға өсті, ал электр энергиясына - 0,3%-ға төмендеді.