2012 жылғы тоғыз айда өткізілген ауыл шаруашылығы өніміне баға 2,7 пайызға өсті

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қыркүйекте 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 4,1 пайызға, мал шаруашылығы өнімі - 0,6 пайызға қымбаттады. 
None
None

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте баға бидайға 6,6 пайызға, жүгеріге - 5 пайызға, арпаға - 2,7 пайызға, күрішке - 0,5 пайызға өсті, ал қарақұмыққа 7,4 пайызға, қара бидайға - 5,9 пайызға, тарыға - 2,8 пайызға, сұлыға - 0,4 пайызға төмендеді.

Қызанақ 17,7 пайыз көлемінде, қияр - 11,2 пайыз, картоп - 7,9 пайыз, қырыққабат - 7,2 пайыз, пияз - 1,7 пайызға арзандады, ал асханалық сәбіз 6,9 пайызға, асханалық қызылша - 3,1 пайызға, қауын және қарбыз - 10,9 пайызға қымбаттады.

Баға күнбағыс тұқымына 10,7 пайыз деңгейінде, жүзімге - 4,5 пайыз, жемістер және жидектерге - 4,1 пайызға  төмендеді.

Қой еті 11,9 пайызға, жылқы еті - 8,2 пайызға, ірі қара мал еті - 6,7 пайызға, шошқа еті - 4,6 пайызға, құс еті - 4,4 пайызға қымбаттады, ал  жұмыртқа 18,9пайызға, сондай-ақ шикі сүт - 5,5 пайызға арзандады.

Соңғы жаңалықтар