2012 жылғы ҰБТ-ны өткізу кезінде заң бұзушылықтарға жол берген ҚР БҒМ-нің 10 қызметкері жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - 2012 жылы әрбір мектептегі пәндер бойынша білім сапасын арттырудың жүйелі шараларын қалыпастыруға мүмкіндік беретін шынайы көрсеткіш алынды,
None
None

 

 

- деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуді ұйымдастыру барысында шынай көмек көрсетті.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің 1 шілде күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасындағы тестілеу пунктіне кіреберісте өз өкілеттіліктерін асыра пайдаланып,  түлектерді қолымен тексерудің бір дерегі ғана тіркелді. Осыған орай министрлік қызметтік тексеру жүргізіп, нәтижесінде Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ҰБТ технологиясының жекелеген бұзылушылықтары дер уақытында сол жерде түзетіліп отырды.

2012 жылы ҰБТ өткізу барысында тіркелген заң бұзушылық фактілері бойынша ҚР БҒМ-нің келесі қызметкерлері жауапкершілікке тартылды:

Астана қ.

1. №12 филиал жетекшісі (711 ҰБТ ТП.  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) Тоқышев Масғұт Хайыржанұлы - еңбек келісімшарты бұзылды;

2. №11 филиал жетекшісі (710 ҰБТ ТП. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) Сомжүрек Баубек Жұмашұлы - сөгіс жарияланды;

Оңтүстік Қазақстан облысы

3. №128 филиал жетекшісі (827 ҰБТ ТП. Ленгір қ.) Тастанов Әбдіразақ Қайыпбекұлы - қатаң сөгіс жарияланды;

4. №95 филиал жетекшісі  (789 ҰБТ ТП. Шолаққорған а.) Әбдиева Аққайын Жарылқасынқызы - қатаң сөгіс жарияланды;

Ақмола облысы

5. №15 филиал жетекшісі (749 ҰБТ ТП. Атбасар қ.) Дайырбекова Халия Данабекқызы - қатаң сөгіс жарияланды;

6. №15 филила инженері (749  ҰБТ ТП. Атбасар қ.) Уәлиева Қадиша Өсербайқызы - сөгіс жарияланды;

Ақтөбе облысы

7. №18 филиал инженері (714 ҰБТ ТП. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты) Тұрсынбаев Жасұлан Қабденұлы - сөгіс жарияланды;

Атырау облысы

8. №33 филиал жетекшісі (762 ҰБТ ТП. Махамбет а.) Некесов Аймұрат Исламұлы - сөгіс жарияланды;

Жамбыл облысы

9. №44 филиал жетекшісі (719 ҰБТ ТП. М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) Евтюшкина Кристина Сергеевна - сөгіс жарияланды;

Алматы облысы

10. №25 филиал инженері (756 ҰБТ ТП. Жаркент қ.) Сарықова Гүлнар Әбілқасымқызы - сөгіс жарияланды.

Соңғы жаңалықтар