2012 жылғы желтоқсанға дейiн iскерлiк белсендiлiк артуы ықтимал

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2012 жылдың қыркүйегінде өткен аймен салыстырғанда өнеркәсіп көлемі және дайын өнiмге сұраныс пен іскерлік белсенділігінің өзгермегендігін атап өттi.
None
None

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда өзгермеді және (+10)%-ды құрады.

Өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша жақын арадағы келешекте 2012 жылғы желтоқсанға дейiн iскерлiк белсендiлiктің өсуі күтіледі.

2012 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда тұтынушылық сұранымның өсуі, сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, олардың іскерлік белсенділігінің өсуіне себеп болды. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 1 пайыздық тармаққа өсіп, (+5)%-ды құрады.

2012 жылғы желтоқсанға дейін ағымдағы уақытпен салыстырғанда, 65 пайыз кәсіпорын өзінің қаржылық - шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 22 пайызы - жақсаруын және 10 пайызы - нашарлайтындығын пайымдап отыр.

Соңғы жаңалықтар