2012 жылы 16 инсульт орталығы ашылады

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - 2012  жылдың  І тоқсанында   қан айналымы  жүйесі ауруларынан  болған өлім-жітім  өткен жылдың сәйкес  кезеңіндегі көрсеткіштен 42 пайызға  төмендеді,

2012 жылы 16 инсульт орталығы ашылады

 деп  хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз   қызметінен.

Хабарламада атап көрсетілгендей,    қан  айналымы жүйесі ауруларынан болған өлім-жітімнің  40 пайызын   инфаркт   ауруы алып отыр.

Бүгінде   елімізде   интервенциялық   және  кардиохирургиялық    қызметтерді  дамытуға  барлық  жағдай жасалып  жатқанын  бұған дейін  айтып өткен болатынбыз. 2011   жылдан бастап    Алматыда Ұлттық ғылыми  кардиохирургиялық  орталық, Перинатальдық орталық   жұмыс істей бастады.

«Қазіргі таңда   елімізде   ересектер мен  балалардың   жүректеріне     операция  жасауға арналған  операция бөлмелеріне  деген сұраныс толық қанағаттандырылып  отыр.   Қазақстан бойынша ағымдағы жылдың  алғашқы екі айында   ашық жүрекке  1313  операция жасалды,  бұл  2011  жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен  55 пайызға көп.   Және   оның ішінде  балаларға 577 операция  жасалды»,- делінген министрліктің  хабарламасында.

Жүрек-қан тамырлары ауруларынан  болатын  өлім-жітімді азайту бағытында  инсульт орталықтары  ұйымдастырылып  жатқанын  айта кету керек.   2011   жылы     республикалық бюджеттің  есебінен  еліміздің 6 облысында 8  инсульт орталығы ашылды,   6  өңірдің медициналық  мекемелерінде 7 инсульт орталығы   стандартқа сай  жарақталды.

Ал 2012  жылы  12 өңірде 16  инсульт орталығы,  2013 жылы -  15 облыста 24 инсульт орталығы  ашылады.

2012  жылдың  І тоқсанында  Инсульт орталықтарының жұмысын ұйымдастыру  және  медицина  қызметкерлерін   осындай науқастарды емдеуге үйрету жөніндегі   Жол  картасы  жасалды.  Оған қоса, жүрек-қан тамырлары  ауруларымен ауыратын  науқастардың  регистрін құру жөніндегі бағдарлама  әзірленуде.