17:30, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
2012 жылы 33 мың жұп некеге тұрды
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанда некеге тұрғандардың саны 33 мыңды құрады.

Бұл жайында бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Агенттік басшысының айтуынша, аталған аралықта некеге тұрғандар 2011 жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 9,3 пайызға өсіп отыр. Ал ажырасқандардың саны 10,99 мыңға жетті немесе бұл көрсеткіш 11,8 пайызға артық.