2012 жылы Балық шаруашылығы комитеті 6,5 мыңнан астам браконьер ұстады
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерімен бақылау-инспекциялық қызметін жүзеге асыру барысында 2012 жылы 6 527 заң бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 839 хаттама толтырылды. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Балық шаруашылығы комитетінің бас сарапшысы Аян Бахиянов мәлім етті.
"Нәтижесінде бұзушыларға 41 млн. аса теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Соның ішінде 32,9 млн. теңгесі (79,8 пайыз) өндірілді. Балық ресурстарына келтірілген зиян үшін 16,8 млн. теңге көлемінде талап қойылды", - деді ол.
Комитет мәліметтері бойынша, құқық бұзушылардан 172,5 млн. теңгеге бағаланатын 37 тонна балық, соның ішінде 402 келі - бекіре тұқымдас балықтар. 9335 заңсыз балық аулау құралдары, 318 жүзу және көлік құралдары тәркіленген.