2012 жылы экспорттық жеткізілімдерге бағаның жоғарылауы, ал импортқа төмендеуі белгіленді

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы желтоқсанда қарашамен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 1,6%-ға жоғарылады, импортталатындарға - 0,5%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланды.
None
None

Экспорттық жеткізілімдерге бағаның көмірге - 7,9%, мұнай өнімдеріне - 4,5%, хром кендеріне - 3,6%, қара металдар илегіне - 1,7%, мысқа - 1,2%-ға жоғарылауы, ал газ конденсатына - 4,3%, қорғасынға - 3,8%, мұнайға - 3,7%, мырышқа - 2,5%-ға бағаның төмендеуі белгіленді. Баға астыққа - 3,2%, темекіге - 1,9%-ға жоғары, мақтаға - 0,7%, жүнге - 0,2%-ға төмен болды.

Импорт бойынша балық - 8,5%, маргарин - 6,5%, дәрі-дәрмектер - 3,5%, кофе - 3,3%, өсімдік майы - 1,9%, шай - 1,2%-ға арзандады. Макарон өнімдері - 5,4%, шұжық өнімдері - 5,3%, кондитерлік тауарлар - 1,7%, қант - 1,2%-ға қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар