2012 жылы елдегі фермерлік қожалықтарға 54 мың бас ірі қара мал сатып алынады - ҚР АШМ

«2012 жылы кешенді іс-шара жоспарымен 12 мың ірі қара малының әкелінуі жоспарлануда. Бұдан басқа «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 42 мың ІҚМ басын сатып алу көзделген», - делінген ведомство хабарламасында.
ҚР АШМ ақпараты бойынша, 2011 жылы республика бойынша, Ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 13 488 бас ірі қара әкелінді, 969 фермерлік шаруашылықтар 55,6 мың бас сиыр сатып алынды.
Сонымен қатар ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын жүзеге асыру шеңберінде 17,7 мың орынға арналған 5 бордақылау алаңдары салынды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жақын жылдары 20 мың орындық бордақылау алаңдарының желісін құруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақыттың өзінде 10 мың орынға арналған бордақылау алаңдарын құру бойынша жобалар қаралуда. Соның ішінде 1 мың орынға арналған бордақылау алаңының құрылысын қаржыландыру мақұлданды.