2012 жылы елордада құрылыс жұмыстары жаңа нормативтерге сай жүргізіледі

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылы елордада құрылыс жұмыстары жаңа нормативтерге сай жүргізіледі.
None
None

Бұл туралы қала активімен өткен жиын барысында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты.

«Қала құрылысы кеңесінде біз жаңа нормативтерді бекіттік. Олар ең алдымен құрылыс сапасына бағытталған. Ең бастысы, жаңа нысандарды визуалды қабылдау мүлдем өзгеше болады. Әрлеу материалдары -мәрмәр мен травертин. Бұл әрлеу материалдары нысанды визуалды және эстетикалық қабылдау мәселелерінен бастап жылуды ұстап тұру және осы нысандарды қамтамасыз етуге қатысты басқа жайттарға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы іс жүзінде құрылыс секторындағы, оның ішінде үлескерлік құрылысқа қатысты барлық проблемалар шешілген. Осы орайда Астананың тұрғын үй саласыжыл сайын 30-50 мың шаршы метрге ұлғайып отырады. Мәселен, 2010 жылы 1 млн. 380 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2011 жылы 1 млн. 400 мың тұрғын үй пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар