2012 жылы елордада сүт, ұн және кондитер өнімдерін өндіру ұлғайды
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылы Астанада өндірістік өнім көлемі 196,4 млрд теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 100,1% деңгейге жетті. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты Статистика департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Департаменттің мәліметі бойынша, өңдеуші өндірістегі өндірілген тауарлардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға өсіп, сусын, киім, басқа да металл емес минералдық өнімдер шығару артты. Сондай-ақ, металлургия өндірісінде де өнім көлемі ұлғайып отыр.
Сонымен қатар, 2012 жылы қалалық құрылыс индустриясы кәсіпорындары тауар бетонын өндіруді (2011 жылғы деңгеймен салыстырғанда 119,6%), цемент пен бетоннан және жасанды кірпіштерден жинақтап, құрастыру элементтерін (128,4%) қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, өткен жылы елорданың тамақ өнеркәсібінде сүт өндіру көлемі 3,4%, астық дақылы ұны 3,7%, торт және кондитер өнімдері - 15,8%-ға көбейді.
«Сумен қамту, кәріздік жүйесі көлемі, қалдықтарды жинап, бөлуді бақылау 2011 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға өсіп, 8 млрд теңгені құрады», - деп хабарлайды ведомстводан.